УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Шымкентте дзюдо спортын серік еткен жас татами шеберлері арасында тартысты белдесу басталды. 2009–2010 жылы туған өрендер үшін бұл – тек қалалық чемпионат қана емес, үлкен аренаға апарар алғашқы баспалдақ. Қаладағы спорт мектептері мен жеке клубтардан жиналған 350-ге жуық жас спортшы өз салмақ дәрежелері бойынша күш сынасуда.

Басты мақсат – тек медаль емес, мықтыны табу дейді сала жауаптылары. Чемпионаттың арқауы – жасөспірімдерді шыңдау, таланттарды іріктеу және келешек ұлттық құрама мүшелерінің алғашқы қадамдарын қалыптастыру.

27–30 қараша күндері Ақтау қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында ел намысын кім қорғайды? Бұл сұрақтың жауабы шымкенттік татами нәтидесінен соң белгілі болады.