УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“БІР БАЛА, БІР ВАУЧЕР”: №2 ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Screenshot

Бір бала, бір ваучер! Енді шымкенттік оқушылар тек бір үйірмеге тегін қатыса алады. Бүгінде Шымкенттегі №2 Оқушылар сарайында ашық есік күні өтті. Шара аясында үйірмелер көрмесі ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалар қосымша білім берудің мүмкіндіктерімен кеңінен танысты.

Шара барысында үйірме жетекшілері өз еңбектерін таныстырып, жеткіншектердің шығармашылық және зияткерлік дамуына жол ашатын бағыттар жайлы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар үйірмемен тек танысып қоймай, ұнағанына бірден жазылуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бүгінде Оқушылар сарайында алты бағыт бойынша 3 мыңнан астам бала түрлі үйірмеге тегін қатысып жүр. Бұл — жас ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, болашаққа дұрыс бағдар алуының айқын дәлелі.