УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ШЫМКЕНТ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ

Screenshot

Шымкент қаласының тұрғындарына жағымды жаңалық. Қалаға жаңа №8  бағыттағы автобус қосылды. Бұл туралы Сәрсен Абайұлы брифинг барысында айтты. Сондай-ақ ол транспорт саласындағы өзгерістер мен жаңашылдыққа тоқталды.

Әдеттегідей брифинг барысында қалада бір  аптада тіркелген қылмыстық істер баяндалды. Нақтырақ айтсақ, өткен аптада 183 іс тіркелген. Оның бесеуі сотқа жолданды. 57 іс алаяқтыққа қатысты болып отыр. Қала әкімінің орынбасары жұмыс жүйелі жүрсе де алаяқтық саны азаймай отырғанын жасырмады. Тіптен бұл шабуыл әкімдік өкілдеріне де жасалған. 

Айта кетейік, бүгінде жол көлік оқиғаларының да саны артып отыр. Полицейлер түрлі рейдтерді күшейтіп отыр.

Ал, Сәрсен Абайұлы қала тұрғындарына алдағы қыс маусымында жүргізушілерген онымен қоса жаяу жүргіншілерге де сақ болуды ескертті. 

Брифинг барысында білім ордаларында сан түрлі сыйпат алған мектеп формасы мәселесі де қозғалды. Өкініштісі сол мониторинг аясында қаладағы 62 жалпы орта мектепте 400 ден астам оқушы мектеп формасының талаптарын бұзғаны анықталған. Дегенмен бұл көрсеткіш 2024 жылы басқа цифрларды көрсеткен екен. Ал мониторинг барысында жалған ақпарат әшкере болған. Айта кетейік, былтыр еліміз бойынша мектеп формасына қатысты 97 әкімшілік іс қозғалса соның 90-ы Шымкент қаласында тіркеліпті. 

Баспасөз брифингі барысында қоғамда қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмысы бойынша атқарылған шаралар да айтылды. Биыл бірқатар дәмхана мен дүкен атауы қазақшаланған. Бірқатар заңды бұзған нысандардағы жарнамалық тақтайшалар ретке келтірілген. Сонымен бірге, тамақтану орындарындағы ас мәзірлері қазақ тілінде де жазылды.

Қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастастыру мақсатында атқарылған жұмыстар жүйелі. Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда жөндеу жұмыстары жүрген еді. Бүгінде стадион толықтай заманауи жабдықтармен жасалып, көрермендерге жағдай жасалған. 

Бұдан өзге шаһардағы мәдени нысандарға да жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.