УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН

Screenshot

Өңірлік коммуникациялар алаңында Алмас Абаев Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Ағымдағы жылдың басты басымдықтарының бірі – ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жолдарды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жұмысы қарқынды жүруде. Нақтырақ айтсақ, аудан халқы ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен жақсы қамтылған. Айта кетейік, ауданда жылыту маусымына дайындық жүйелі жүруде.

 

Ауданда жалпы ұзындығы 753 шақырымды құрайтын 896 көше бар. Оның ішінде 545 шақырымы асфальтпен, 208 шақырымы шағалтаспен жабылған. 2025 жылы 107 көшені асфальттау жоспарланған болса, қазіргі таңда 107 көшеде жұмыстар толық аяқталған. Сонмен бірге ауданда 7 елді мекенге аяқжол салу жоспарланып, оның ішінде 3 елді мекенде құрылысы жұмысы аяқталған.