УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ Ә.МАНАПОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ!

Screenshot

Айтыстың ақтаңгері – Әбдікерім Манап. Халық жүрегінде қалған дара тұлғаның туғанына биыл 70 жыл толды.Осыған орай Шымкенттегі !л фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында ақынды еске алу кеші өтті. Рухани шараға ақынның жұбайы Гүлжаухар Мәленқызы, інілері, шәкірттері, кітапхана оқырмандары мен айтыссүйер қауым қатысты. Шара барысында ақынның өмір жолы бейнежазба арқылы көрсетіліп, елге қалдырған мұрасы дәріптелді.

Жұбайы жарының сөзі мен сырын еске алып: Халықтың адамымын, халықтан қалғаным – отбасыма деген– деп тебірене жеткізді.Ал інілері мен шәкірттері ән шырқап, күй төгіп, сахна төрін рухқа толтырды.

Гүлжаухар Мәуленқызы ақын Әбдікәрім Манаптың есімі Шымкенттегі атауы жоқ көшелерге берілгенін қалайды.

Манаповтың соңында 300-ден аса өлеңдері мен 60-тан астам әндері қалды. Ол көзі тірісінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер Одақтарының мүшесі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды. Түркістан қаласының Мәдениет бөлімін 20 жылға жуық басқарды. Өмірінің соңғы 12 жылын Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жауапты қызметтер атқарумен өткізген — ді.