Тұран ауданында тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмысы қолға алынған. Барлығы 32 жоба аясында абаттандыру жұмыстары жүру жоспарланған. Оның ішінде 18-і балалар ойын алаңшасы болса, 12 ашық спорт алаңшасы. Сонымен бірге, ағымдағы жылы ауданда 5 гүлзар салыну көзделген. Нақтырақ айтсақ, Қабылбеков, Арғынбеков, Бәйтереков және Байтұрсынов, Диваев көшелері бойында демалыс орындары пайда болады.
