УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖОЛҒА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМЫ АЗАЙДЫ

Screenshot

Шымкентте аудан әкімдері атқарылған жұмыстың есебін беріп жатыр. Бұл жолы Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков 1 жартыжылдықта іске асқан жұмысты жіпке тізді. Сөзіне сенсек, жыл соңына дейін ауданда асфальттау жұмысы 100% аяқталады. Яғни тұрандықтардың жолға қатысты шағымы азаяды деген сөз. Өзге де инфрақұрылым мәселесі кезеңімен шешімін табуда. Бүгінде ауданда 21 шағын аудан, 548 көпқабатты үй бар. Сонымен бірге, 2025 жылы 44 көшеге 20,1 аяқ жол салу жоспарланған. Бүгіннің өзінде 31 көшеге жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталыпты.

Бұдан көзге ауданда ретсіз саудамен күрес тоқтаған емес. Ал базарларды жаңғырту жұмысы жүйелі түрде іске асып жатыр деді аудан әкімі.

Айта кетейік, биыл қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалада жарықтандыру жұмысы жүруі керек еді. Бұл аясында Тұран ауданында да жұмыс жүйелі. Нақтырақ айтсақ, 333 көше жарықтандырылуы керек болса, бүгінде оның 312 толығымен аяқталған.