Халық қатысатын бюджет мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Жоба аясында еңбекші ауданында 2025 жылы 47 жоба қолға алынған. 39 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. 5 жоба бойынша гүлзар салу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 3 жоба мемлекеттік сатып алу сатысында. Айта кетейік, ауданда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спорт алаңшаларын орнату жұмысы толығымен аяқталған. Яғни, бүгінде 9 ойын алаңшасы ел игілігіне берілген. Бұдан бөлек, тұрғындардың сұранысымен 8 мекен жайда демалыс аймақтарын құру қолға алынған.
Досбол Есілбек есепте аудандағы көше атауларын қою мен тұрғын үйді нөмірлеу жұмыстарының жүргізілу барысын айтты. 2025 жылы еңбекші ауданында 207 көшеге 9015 дана көше атауы мен үй номері жазылған тақтайшалар орнату жоспарланған. Жұмыс аясында 56 көшеге 1850 дана тақтайша орнатылған.
