УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

1 ҚАЗАНДА МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛАДЫ

Screenshot

Шымкенттіктердің құлағына алтын сырға! 1 қазаннан бастап мүлік салығын төлемегендерге шара көріледі. 2024 жылға қала аумағындағы жеке тұлғалардың меншігіндегі 270 мыңнан астам тұрғын үйге 2,6 миллиард теңге мүлік салығы есептелген. Бүгінге дейін оның 73 пайызы ғана төлеп үлгерген.

Шымкенттіктердің салыққа берешегі 700 миллион теңгеден асып жығылады. Сол қарызды өтеу үшін бар болғаны бір апта уақыты қалғанын мамандар ескертуде. Себебі мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Уақытынан кешіктіргендерге әр күнге өсімпұл қосылады. Ал,қарыз көлемі 1 АЕК-тен асса – іс сот орындаушыларына өтеді. Егер берешек сомма 40 АЕК-тен жоғары болса елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. Ескерте кететін ақпар, сот орындаушылары берешектің үстінен тағы 25 пайызға дейін қосымша төлемді өндіріп алуға құқылы екен.

Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік бюджет жоспары 3,3 миллиард теңгеге артық орындалған. Ал жыл соңына дейін бюджет түсімі 711 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде.