УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНДЫ

Screenshot

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні. Бұл мереке шымкентте ескерусіз қалмады. Шаһардағы арбат демалыс аймағында “еңбек елдің мұраты” атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл қаладағы жұмыссыздың деңгейін төмендетуге зор мүмкіндік береді деді Сәрсен Абайұлы.

Брифинг барысында қоғамдық көлік жайы да айтылды. Өздеріңізге белгілі өткен аптада мегаполиске тағы 30 жаңа автобус әкелінген еді. Бүгіннің өзінде қоғамдық көліктер нөмірі 146 және 150 бағыттар бойынша өз жұмысын бастап та кеткен.  Тағы бір жағымды жаңалық, қаладағы қойкелді батыр және ақназар хан көшелерінің қиылысындағы темір жол өткелі құрылысының аяқталуы. Сәрсен Құранбектің сөзіне сүйенсек бүгінде бұл жұмыстар уақытынан ерте аяқталып, жұмыс нәтижесін көрсеткен.  Көпірдің ашылуына қала әкімі де арнайы қатысып қайтқан еді.

Баспасөз жиынында Арғымақ шағын ауданы тұрғындарының бірқатар өзекті мәселелерінің шешілу жайы да сөз болды. Яғни, арғымақтықтар мектеп, бала бақша мен мемлекеттік емхананың жоқ екенін айтып, биліктегілерден әлеуметтіа нысанды салып беруді сұранған еді.

Осыдан бірер күн бұрын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан әлем чемпиондарын қабылдап, демеушілер есебінен берілген бірқатар бағалы сыйлықпен марапаттаған еді. Осыған байланысты халық арасында түрлі әңгіме өрбіген. Бұл жағдайға қатысты да Сәрсен Құранбек нақты жауабын берді. Сөзінше, берілген көлік, пен қаржылай сыйлық сынды марапаттарды табыстау үшін әкімдік тарапынан ешқандай қаржы жұмсалмаған.

Брифинг аясында қала әкімінің орынбасары барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін, әрқашан халыққа да ашық екенін жеткізді.