Шымкентте газдан уланудың алдын алу жұмысы күшейтілді. Жылыту маусымына дайындықты пысықтау мақсатында, үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен сала мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары өтті. Жауаптылар жылыту маусымына дайындықтың мән-маңызына тоқталып, тұрмыстық газды пайдалану кезінде жиі кездесетін қауіп-қатерлерге назар аудартты. Әсіресе, улы газдан уланудың алдын алу, пеш пен газ құрылғыларын дұрыс қолдану, мұржаларды уақытылы тазалау және үй-жайларды үнемі желдету қажеттігі түсіндірілді.
Мамандар шараның маңыздылығын атап өтіп тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Кездесу соңында қызметкерлер арнайы жадынамалар таратып, халықтың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге, мамандар алдын ала ескерту болған жеке тұрғын үйлердің муржаларына тазалау жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
