Шымкентте тұрғындар мен қонақтарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қалада заманауи үлгідегі ерекше демалыс орындары ашылып жатыр.
Мәселен, Спутник гүлзарында жаңадан ерекше субұрқақ орнатылды. Оның басты айырмашылығы – су жоғары атқыламайды, керісінше сарқырама секілді жоғарыдан төменге ағып тұрады. Әсіресе түнгі уақытта жарықтандырылған көрінісі қаланың көркін айшықтап, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды.
Ал қала көшелерінде ағаштарды түрлі-түсті тоқыма киімдермен безендіру дәстүрі басталды. Бұл – көше өнерінің ерекше түрі. Мұндай арт-жоба шетелде кеңінен тараған, ал Шымкенттің де заманауи бағытқа қадам басуы жұртты қуантады. Көргендер ерекше көңіл-күйге бөленіп, қалаға жаңа леп келгенін айтады.
