20 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған адам табиғатты қоқыстан арылтып, туған жеріне жанашырлық танытады. Шымкенттіктер де бұл игі істен қалыс қалған жоқ. Қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар арнайы индустриялық аймақта ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысып, жұмысшылармен бірге тазалыққа шықты. Халық қалаулылары кабинеттен шығып, қолына күрек ұстап, жұмысқа кірісті.
Арнайы индустриялық аймақтың тазалығына барлық зауыт жетекшілері, жұмысшылар және еріктілер жұмылдырылды. Нәтижесінде аумақтың тең жартысы қоқыстан және қураған шөптен тазартылды. Сондай-ақ өрттің алдын алу мақсатында жерлерге су шашылып, қураған шөп толықтай жиналды.
Зауыттың жұмысшыларының өздері тазалықты жіті сақтайды, айтуларвнша әр сенбі өздерінің аймақтарын бөліп тазалап, 2 апта сайын аймақтың сыртқы тазалығына кірісед.
Дүиежүзілік тазалық күніне орай қаламыздың барлық аймақтарында сенбіліктер жүріп жатыр.
