Енді сән әлеміне тың серпін беретін киімдер мен аяқ киімдер топтамасын өзіміздің шымкенттік жастар ұсынады.
Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері бұл істі қолға алып отыр. Бұған дейін кәсіптік білім беру ұйымы киім және тоқыма шеберлерін даярлап келсе, биылдан бастап дизайнер және аяқ киім тігетін кәсіби мамандарды оқытуға кірісті.
Ең қызығы – студенттердің өздері эскиз сызып, киім үлгілерін тігіп шығады. Олар түрлі байқауларға белсенді қатысып, өнерін шыңдап жүр. Осындай студенттердің қатарында-Алтынай да бар. , қазір ол алда өтетін жарыстарға арналған сыртқы киім үлгілерін дайындап жатыр. Айтуынша бір киім үлгісіне 15 сағаттан көп уақыт жұмсайды. Алтынайдың арманы – болашақта өзінің жеке тігін мектебін ашу.
Сонымен қатар колледж, ұжымы топтық сән топтамаларын дайындап, халықаралық деңгейде де танылып үлгерген. Мәселен, олардың «Көшпенділер» коллекциясы 2023 жылы Испаниядағы Fashion Week сахнасында үздік деп танылып, бірінші орынды қанжығасына байлаған.
