УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ЕСКЕРТУСІЗ АЙЫППҰЛ САЛДЫ”: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ӘКІМНЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

Screenshot

Рұқсатсыз ән тыңдасаңыз айыппұл арқалайсыз. Осындай жағдайға тап болған қала тұрғыны әкімнен көмек сұрады. 3 жылдан бері дауым бітпей жатыр деген тұрғын, көпшілік мекемелерде қазақша ән тыңдауға болмайды деген жәйтқа тап болған. Бірақ, ән авторы мейрамханада әнді қоюға қарсы емес екенін айтқан. Сонымен бірге, бұл жағдайға ескертусіз бірден айыппұл салынды дейді шаһар тұрғыны. Мөлшері де аз емес.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Еңбекші ауданындағы халықпен кездесуінде сан түрлі мәселе көтерілді. Шаһар басшысы мұқият тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырма берді.

Мұндай ашық диалог алаңдары халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады. Көшпелі жиындарда азаматтардың мәселелері тыңдалып, кейбірі сол мезетте шешімін тапты. Ал, уақытты қажет ететіндері кезең-кезеңімен шешілмек. Сонымен бірге, жиында қала әкіміне мәселеден бөлек алғыс та айтылып, 2 жылда атқарған жұмыстарына оң баға берілді.