УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖОЛҒА 100% АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ: АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Screenshot

260 мыңға жуық халқы бар Абай ауданы жылыту маусымына дайын. Елді-мекен 100% ауыз су, газ, электр жарығымен қамтылған. Бұл туралы баспасөз брифингінде аудан әкімі Сұлтанхан Шәкір баяндады. Атқарылған жұмысқа есеп берген аудан әкімі халыққа жайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Бүгінде Абай ауданы аумағында 1274 көше орналасқан, оның ішінде 844 көше толықтай асфальтталған. Ал 430 көше тас жолдар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін аудандағы барлық тас көшелерді толықтай асфальттау көзделген. Осы мақсатта, жыл басынан бері 148 көшеге асфальт төселіп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жол сапасы бақылауда дейді аудан басшысы.