Көшпелі кездесудің төртінші күні Қаратау ауданында жалғасты. Жиналған халық саны көп. Микрафонға таласқан тұрғындар әкімнен түрлі мәселенің шешілу жолын сұрады. Өз кезегінде көлік кептелісі, аялдама, қоғамдық көлік жайы көтерілді. Сонымен бірге, тұрғындар Тұран-2 шағын ауданындағы көпқабатты пәтерлердің сапасы сын көтермейді дейді.
Кездесуде қаңғыбас ит, мысықпен қоса көшеде жайылып жүретін қара малдың да мәселесі айтылды. Бұл сұраққа Ғабит Сыздықбеков қоғамдық жердегі тазалықты сақтауды халық болып бірге сақтайық деді. Жиында асфальт салу, коннализация, көше атауларын жаңарту жұмыстары да айтылмай қалмады. Ал, Нұрсат шағын ауданының тұрғындары өздеріне кешкі уақытта серуендейтін парк салып беруді сұрады.
Қаратау ауданында көтерілген мәселеге әкімдік тарапынан тұшымды жауап айтылып, кейбір сауалдар сол кезде ақ шешімін тапты. Айта кетейік, бүгінде мұндай көшпелі жиындар қала халқына жайлы орта қалыптастыруға үлкен мүмкіндік тудырып келеді.
