Арнайы баспасөз туры барысында алдымен қалалық білім басқармасының қосалқы мектеп интернатына табан тіредік. Мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар 7 жастан бастап қабылданады. 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі оқушылар білім алады. Білім ошағында 20 сыныпта 131 бала бар. Бүгінде бұл мекемеге “Қазақстан халқына” қоғамдық қорынан 30 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, ер балалар мен қыз балаларға арналған техникалық кабинеттер жабдықталған. Қосалқы мектеп интернатының негізгі мақсаты жасөспірімдерді дербес өмірге бейімдеу.
