УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Screenshot

Шымкентте отбасы күні тойланды! Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай іске асып отыр. Бұл жиын отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен татулықтың тірегі саналатын өнегелі әулеттердің еңбегін айшықтады.

Аталған мерекелік шара аясында Үсембековтар отбасы “Алтын шаңырақ”марапатына ие болды. Олардың көп жылғы еңбегі мен елге сіңірген үлгісі отбасылық берекенің, сыйластық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі ретінде бағаланды.

Іс шара барысында «Азамат тәрбиелеген отбасы», «Күміс кереге», «Алтын шаңырақ» номинациялары бойынша үздік отбасылар анықталды. Жеңімпаздарға арнайы ленталар тағылып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, марапат иелерінің өмір жолы мен тәрбиелік тәжірибесін насихаттайтын бейнематериалдар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл номинациялар – қоғамдағы татулықтың, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктің, отбасылық сыйластық пен берекенің айқын үлгісі ретінде белгіленген. Сондай ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған бұл мерекелік іс-шара ұлттық бірлікті нығайтатын, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды жиын ретінде есте қалады.