Сәрсенбінің сәтінде өңірлік коммуникациялар алаңында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен жүздесті. Бұл жолғы есепте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында айтылған тапсырмалардың атқарылу бойынша айтты. Ең алдымен президенттің 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына тоқталды. Елімізде жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – маңызды стратегиялық міндеттердің бірі. Жыл басынан бері қалада 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Заманауи талаптарға сай үш жаңа мамандық – логистика, аяқкиім ісі және киім дизайны бойынша лицензиялар алынып, жас буынның кәсіби дамуына жол ашылды. Сонымен бірге, мегаполисте 2 рет педагог мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткен. Бұл оқу аяқтаған жас мамандардың жұмыссыз сандалмауына сеп болды. Айта кетейік, биыл ЖОО жақсы аяқтап, gpa балы 3тен жоғары болған мамандар конкурссыз әңгімелесу арқылы жұмысқа қабылданды. Одан бөлек, мегаполистің алыс-жақын аудандарындағы халықтың да хабарсыз қалмасын деп, шалғайдағы тұрғындар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Атқарылған істердің нәтижесінде қалада тұрақты да, уақытша да жұмыспен қамту мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді. Тек 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде 160 кәсіпорын – 1 800 тұрақты жұмыс орнын, ал 227 мекеме – 1 500 уақытша жұмыс орнын ұсынған. Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында арнайы портал іске қосылып, кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Мыңдаған оқушы мен студент бұл платформа арқылы жұмыс іздеу дағдыларын меңгеріп, арнайы сертификаттарға қол жеткізген. Жалпы, қолға алынған шаралар еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, жас буынның кәсіби дамуына, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың артуына ықпал етуде.
Білім жолындағы жақсы жаңалықтарға ойыссақ. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Келешек мектептері” жобасы аясында Шымкент қаласында да бірқатар жаңа білім ошақтары бой көтерді. Нақтыласақ, 12 су жаңа “Келешек мектебі” пайдалануға берілсе, ұлттық жоба аясында 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Онымен қоса, мектеп оқушыларына әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалмады. Бүгінде 132 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтылып отыр. Айта кетейік, 2025 жылдан бастам бұл тағамдарды ДСБ бақылауында болады. Жаңа оқу жылында мектептерде тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді. Еске салсақ осыған дейін ДСМ 1 қыркүйегінен бастап, елдегі мектеп асханаларында бірқатар азық-түлік түрлерін сатуға тыйым салуға қатысты бұйрық шығарған болатын. Яғни, фас фут сынды тағамдар асхана сөрелеріне қоюға болмайды.
Мемлекет басшысы ең алдымен қоғамдағы әділдік қағидатын бекітуге, заң мен тәртіпті күшейтуге назар аударды. Сондай-ақ әлеуметтік қолдауды арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды басты міндет етіп қойды. Тұрғын үй саясаты да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Мемлекет жалдау ақысының 50 пайызын өтеу тетігін іске асырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдерге және көпбалалы отбасыларға айрықша қолдау көрсетіп келеді.
Осылайша, білім мен әлеуметтік саладағы бұл бастамалар – елдің ертеңіне салынған инвестиция. Жастардың сапалы білім алып, өз кәсібін табуына, ал әрбір отбасының қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін қадамдар. Мемлекет басшысының соңғы жолдауындағы бірқатар тапсырмалар мен бастамалар қалада жоғары деңгейде орындалып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.