Президент ел халқына жариялаған жолдауында жасанды интеллект министрлігі құрылатынын мәлімдеді. Тоқаев Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керектігінде айтты. Осылайша Мемлекет басшысы Цифрлық Кодекс қабылдауды тездетуді тапсырды. Бұл заң цифрландырудың негізгі бағыттарын анықтауы керек.
Сондай-ақ, Президент Алатау қаласы Үкіметке бағынатын жаңа мәртебеге ие болып, толықтай цифрланған қалаға айналатынын айтты. Тағы бір жаңашылдық. Елде Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді.Президент оны Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп атауды ұсынды. Тоқаев Бектеновке 10 күн уақыт берді. Осы уақыт аралығында Үкімет басшысы инвестицияға қатысты ұсыныстар әзірлеу қажет.
Кей шекара және кеден бекеттерінде сапалы интернет жоқ .Президент бұл мәселені жедел шешуді тапсырды. Айтуынша, жүк тасымалдаушылар рәсімдердің көп уақытын алатынын айтып, шағымданады. Президент сондай-ақ қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Smart Cargo бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосуды тапсырды. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді. Бұдан өзге елде Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы жасалады. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Тоқаев су үнемдейтін технологияны енгізу жұмысы баяу жүріп жатқанын баса айтты. Сөзінше, нақты нәтиже әлі жоқ. Президент жолдауын тыңдаған шымкенттіктер жолдауға жаппай қолдау білдіруде.
Бұдан өзге, Тоқаев ауылшаруашылығына дрондар мен жүргізушісіз көліктерді енгізуді тапсырды. Президент үкіметке агрохабтарды белсенді дамытуға және оларды жаһандық логистикалық тізбектерге интеграциялауға, сондай-ақ экспресс-жүк сегментін реттеу саласында тәртіп орнатуға тапсырма берді.Ал банктер туралы заң жыл соңына дейін қабылдануы тиіс екенін қадап айтты. Бұл заңда бәсекелестікті күшейту жолдары, нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ цифрлық активтердің айналымын дамыту мәселелері қарастырылуы тиіс.
Президент азық-түлікке қатысты мәселені масқараға балады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті импортқа тәуелділіктен арылуды тапсырды.