Жаңа оқу жылын оқушылар “Менің отаным Қазақстан” сынып сағатымен бастады. №143 мектепте мұғалімдер дәстүрлі сабақтарды жаңа форматпен өткізіп, оқушыларды еркін ойлауға, пікір айтуға және тың идеяларын ортаға салуға баулуда. Мәселен, алғашқы сабақта оқушылар тек оқулықтағы тақырыпты емес, мемлекеттік рәміздермен танысты. Сынып сағаттарында әр балаға өз елінің патриоты болу керек екені айтылып, бейнелі түрде сабақтар жүрді. Бұл тәсіл олардың ойлау көкжиегін кеңейтіп, туған жерге адал болуға үйретуде.
Шаһарда жас педагогтарды қолжау шарасы да қолға алынған! Яғни педагог мамандығын үздік аяқтаған түлектерді жұмыспен қамту жолға қойылып келеді. Мәселен 143 жайлы мектепте 6 ұстаз конкурссыз қабылданған. Солардың бірі, Мейірхат Сапарәліұлы. Ол еліміздің өзге аймағында оқып, үшінші мегаполиске gpa баллы 3тен жоғары болып жұмысқа орналасқан. Жас маман мұндай мүмкіндік жастарға кедергісіз жұмыс табуға сеп болатынын айтады.
Айта кетсек, ел бойынша 4 млннан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Ал бірінші сыныпқа қадам басқандар саны төрт жүз мыңға жуық. Ал Шымкентте бұл көрсеткіш 28 мыңға жуықтайды.