УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ВЕЛОМАРАФОН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан – Республика күніне орай қалада бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кең ауқымды веломарафон жарысы өтті. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам кәсіби және әуесқой велоспортшылар қатысты.
Веломарафонға қатысушылардың арасында тәжірибелі спортшылар да, жас буын өкілдері де болды. Солардың бірі – Кеңесбек Сейдімбекұлы, веломарафондарға 25 жылдан бері тұрақты қатысып келе жатқан ардагер спортшы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай веломарафондар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Спорттық шара қалалық әкімдік пен жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткізілді. Қатысушыларға арнайы естелік медальдар мен марапаттар табыс етілді.
Күн райының қолайлы болуы да жарысқа ерекше серпін берді. Мереке аясында өткен бұл веломарафон елдің бірлігі мен салауатты өмір салтының маңызын тағы бір мәрте айқындады.