УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ: ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Screenshot

1 тамыздан бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл – мемлекет бойынша әр 10 жылда бір рет өткізілетін маңызды шара. Ағымдағы жылы санақ 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл екі кезеңнен тұрады. Санақтан белгіленген мерзімде өте алмағандар үшін қосымша мүмкіндік қарастырылған – 1 тамыз бен 25 тамыз аралығында өте алмаған ауыл шаруашылығы субъектілері қыркүйек айында да тіркеле алады.

Санақтан өту – ерікті емес, міндетті шара. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер арнайы sanag.gov.kz порталы арқылы тіркеледі. Талапты орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жауапкершіліктен жалтарғандар үшін айыппұл көзделген. Оның көлемі шаруашылықтың ауқымына байланысты, ең төменгі мөлшері – 14 айлық есептік көрсеткіштен басталады.

Бұл санақ — ауыл шаруашылығының «жылнамасы» деуге болады. Ол арқылы елдегі азық-түлік қауіпсіздігі, ауылдық аумақтардың дамуы, субсидиялау, жоспарлау және инвестициялық саясат секілді бағыттарға нақты шешімдер қабылданады.

Еліміздің экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше орын алатындықтан, мұндай санақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және әр фермер мен қожалық иесі бұл науқанға жауапкершілікпен қарауы тиіс.