УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістан – күллі түркі жұртының рухани темірқазығы. Ал оның символына айналған Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – ұлттық бірегейлігіміздің негізі. Бүгінде киелі шаһардағы «Достық үйінде» баба еңбегін ұлықтаған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде Ясауи ілімі тек діни емес, терең философиялық әрі адамгершілік мектебі екенін атап өтті. Әсіресе, биылдан бастап Республика күні қарсаңында «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тағайындалуы – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен құрмет.
СНХ: Нұралхан КӨШЕРОВ, Түркістан облысының әкімі:
Конференция барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәстүрлі ислам мен Ясауи жолының сабақтастығына тоқталды. Ал белгілі ясауитанушы ғалымдар «Диуани хикметтің» жаңадан табылған қолжазбалары мен тың деректерімен бөлісті.