Түркістанда “Қаржылық қауіпсіздік алауы” эстафетасы мәресіне жетті. Жобаны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған. Іс-шара барысында өңір тұрғындарына қаржы саласындағы қазіргі трендтер, жаңа алаяқтық әдістері, олардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ Агенттік пен құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан алдын алу шаралары туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды. Қаржылық мәдениетті көтеру бойынша әлеуметтік бейнероликтер, оқу материалдары және жастарға бағытталған ақпараттық өнімдер таныстырылды.
Эмтафетаның жабылу салтанатында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Шара аясында қаржылық қауіпсіздік алауы жағылды. Агенттік өкілдері ‘стафетаның жас ұрпақты ақпараттандыруда, жауапты азаматтық позиция қалыптастыруда және қаржылық қылмыстарға қарсы иммунитетті күшейтуде маңызды құралға айналғанын айтты. Осылайша цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін сақтауға деген жауапкершілікті тереңдетуге бағытталған маңызды бастама киелі шаһарда өз мәресіне жетті.
