УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СТАТИСТИКА ҚЫЗМЕТІНІҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

Түркістан қаласында Қазақстанның мемлекеттік статистика қызметінің 105 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сала ардагерлері мен өңірдің статистика органдарының қызметкерлері қатысты. Мерекелік іс-шара барысында облыс басшысы статистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына қосып келе жатқан еңбегін жоғары бағалады.

Жиында «Қазақстанның ұлттық статистикасы жүйесінің бастауы мен бүгінгі жетістіктері туралы» тақырыбында баяндама жасалды. Салтанатты жиында баяндама жасағандар ұлттық статистика жүйесінің қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, қазіргі уақытта енгізіліп жатқан цифрлық технологияларға тоқталды. Бұдан өзге, деректер сапасын бақылаудың жаңа әдістері мен ашықтықты арттыру шараларының маңызын атап өтті.
Салтанатты жиында салада ұзақ жыл еңбек етіп, өз кәсібіне адалдық танытқан бірқатар үздік қызметкерлерге облыс әкімінің Алғысхаттары мен марапаттары табыс етілді.
Мерекелік іс-шарада қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды.