УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА СУ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістандық спортшыларға құрмет көрсетілді. Облыс әкімң Нұралхан Көшеров еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатының
жеңімпаздарымен кездесті. Жиында өңір басшысы мерейін асқақтатқан спортшыларды құттықтап, арнайы марапаттады. Салтанатты іс-шарада Нұралхан Көшеров Хорватияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Асылжан Есенгелдіге жаңа көліктің кілтін тапсырды. Сонымен бірге армрестлингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанып, ел абыройын асырып жүрген Санжар Зәрубекке, Нұрдәулет Айдарханға және Ердәулет Мұхамбетовке де алғыс хат пен «темір тұлпар» кілттері тапсырылды. Ал армрестлинг құрамасына 10 миллион тегенің сертификаты берілді. Жалпы, 24 спортшы мен бапкер алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетсек, Түркістан облысының спортшылары 2025 жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 медаль, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Облыс аумағында еркін, грек-рим және әйелдер күресін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 5500-ден астам спортшы аталған спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады. Оларды 260 жаттықтырушы дайындауда. Қазіргі таңда 34 спорт ұйымында күрес үйірмелері бар.

Ал Армрестлингтен Болгария елінің Албена қаласында өткен 46-шы әлем чемпионатында Түркістан облысының 19 спортшысы әлем чемпионы атанды. Армрестлингтен облыс сайыпқырандары Азия чемпионаттарында 350 алтын еншілеген. Ал әлем чемпионаттарында 113 алтын медаль иеленіп, Қазақстанның Әнұранын шарықтатқан.