«Тұран-2» шағынауданында заманауи сквер ел игілігіне берілді. Бұл жай ғана жасыл желек емес, халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне, қаланың көркін арттыруға арналған ерекше қоғамдық кеңістік болмақ. Жалпы аумағы 2,7 гектарды құрайтын жаңа сквер демеушілердің қолдауымен салынды. Бюддеттен тиында бөлінбегкні қуантуда. Мұнда бәрі де ойластырылған:
веложолақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, балалар алаңы мен спорттық жаттығу алаңшалары, заманауи субұрқақ пен автотұрақ. Жалпы 1,8 гектар аумақ көгалдандырылды, жарық шамдар орнатылып, қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
Жаңа сквер – тек демалыс орны ғана емес, тұрғындардың басын қосатын мәдениет пен тәртіп алаңы. Мұнда жас та, жасамыс та өзіне лайық тынығу бұрышын таба алады
Жаңа саябақтың ашылуы – тұрғындар арасындағы бірлік пен ынтымақтың да айғағы. Қалаға қарапайым жасыл желек қана емес, жаңа мәдени дәстүр келді деуге болады. Түнгі уақытта да бұл аумақ жарық шамдардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы. Қала тұрғындары мұнда таңғы жаттығуға шығып, кешке серуендеуге мүмкіндік алады.
Сквер – қаланың жаңа тынысы. Алдағы уақытта Мұнда түрлі мәдени шаралар, отбасылық серуендер, спорттық жарыстар да ұйымдастырылмақ. Шымкентте жыл сайын жаңа саябақтар мен скверлердің қатары артып келеді. Әрбір ашылған нысан – қала тұрғындарының игілігіне жасалған нақты қадам.
Еске салайық. Нұршуақ шағын ауданында да жаңа қоғамдық кеңістік заманауи сквер пайдалануға берілген еді.Бұл жай ғана демалыс орны емес, бұл халықтың өз идеясынан туындаған, өз қатысуымен жүзеге асқан нағыз халықтық жоба.
Сквер аумағында тұрғындар үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жарық шамы мен 20 орындық орнатылған. Қоқыс жәшіктері қойылып, 190 түп ағаш егілді. Жасыл желекпен көмкерілген аллея енді осы аймақтың жаңа тыныс-тіршілігіне айналмақ.
Жаңа сквер — тек демалыс орны ғана емес, тұрғындар арасындағы бірлік пен қоғамдық мәдениеттің көрінісі. Мұнда таңғы жаттығу жасаушылардан бастап, кешкі серуенге шығатын зейнеткерлерге дейін, барлық жастағы тұрғындар үшін жағдай бар. «Халық қатысатын бюджет» — бұл тұрғын мен билік арасындағы сенімді көпір. Бұл жоба арқылы әр азамат өз ауданын, өз ауласын өзгертуге тікелей атсалыса алады. Ашық ұсыныс, ашық дауыс беру және ашық бақылау — жобаның басты ұстанымдары.
Айта кетсек шымкентте жыл сайын жаңа демалыс аймақтары салынып, халыққа қолайлы жағдай жасалуда. «Тұран-2» шағынауданындағы бұл сквер – халықтың ортақ қуанышы, бірліктің белгісі.
Осындай бастамалар қаламыздың келбетін көркейтіп қана қоймай, болашаққа деген сенімді нығайтады.
