УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА МУРАЛДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Тұран ауданының келбеті күн сайын өзгеріп, жаңарып келеді. Көгалдандыру ісінен бөлек ауданда көпқабатты үйлердің қасбетіне ұлы тұлғаларымыз бен қоса осы жылдың символына айналған жұмысшы мамандардың да суреттері салынған. Шілде айынан бастап сурет салу жобалары басталып ауданға жаңа муралдар қосылған. Өткен жылы Тұран ауданындағы 6 үйдің қабырғасы безендірілсе, биыл олардың қатары тағы он нысанмен толықты.

Әр туынды ерекше стильмен орындалып, қалаға көрік беріп қана қоймай, тұрғындарға рухани серпіліс сыйлауда. Айтуларынша жаңа суреттер тарихымызды паш етіп, қаланың ажарын аша түседі.

Жауаптылардың айтуынша, мұндай жұмыстар алдағы уақытта тек магистральды көшелерде ғана емес, ауданның ішкі бөліктерінде де жалғасын табады.