Шымкентте 17 мамыр күні ашылған “Shymkent Creative Hub” креативті орталығы өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Бүгінде орталықта қолөнер мен өнерге қызығушылығы бар тұрғындарға, әсіресе студенттерге арналған түрлі бағыттағы шеберлік сағаттар тұрақты түрде өткізілуде.
Креативті индустрияны дамытуға бағытталған бұл алаңда әртүрлі бағыттағы резиденттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға үлес қосуда.
“Shymkent Creative Hub” – шығармашыл жастардың тоғысар орталығы, жаңа идеялардың жүзеге асатын кеңістігі.
