Шымкентте Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру шарасы жалғасуда. Мұндай жобаны қала орталығынан бөлек, шалғайдағы шағынаудандарда өткізуге басымдық берілген. Бүгінде еңбекші ауданы базарқақпа тұрғындарына бос жұмыс орындары ұсынылды. Бұл жолы жәрмеңке тұрғындарға түсіндіру жұмысынан басталды.
Іс-шараға 10 нан астам жұмыс беруші қатысыты. ауданнан тек жұмысшы мамандық иелерін ғана емес денсаулық сақтау саласының жоғарғы білімді медбикелерін де іздестірді. Одан бөлек Базарқақпа тұрғын алабына жақын маңда орналасқан индустралды аймақтағы кәсіпорындарға ма ан қажет.
Іс шара барысында мансап орталығы қызыметкерлері тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы, Enbek.kz порталы және солтүстік өңірге ерікті қоныс аудару бойынша кеңес берді.