25 қазан – Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл! Мемлекеттік маңызы бар мереке аясында Шымкентте «Күзгі кросс» атты эстафеталық марафон ұйымдастырылды.
Бұл күн — еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамының символы болса, спорт алаңында жиналған жастар үшін жігер мен бірліктің мерекесіне айналды.
Жарыс екі кезеңнен тұрды: 100 метрге жүгіру және эстафеталық сайыс. Күннің салқын лебі мен жарыс рухына толы алаңда 12 командадан құралған 100-ден астам студент өзара бақ сынасты. Әрбір қатысушы жеңіс үшін ғана емес, ұжымдық рух пен достықты дәлелдеу үшін сайысқа қатысып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік сайыс қорытындысында ерекше нәтижеге қол жеткізген үздік командалар I, II, III орындарды иеленіп, медальдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл сайыс — тек спорттық дода емес, ол ел егемендігін, жастардың серпінін және тәуелсіз рухты дәріптеген мәні үлкен шара. Бұндай іс шаралар алдағы уақытта да өз жалғасатын табады.
