УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ САЛЫНАТЫН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ

2026 жылы түркістан облысында 100 ге жуық нысан құрлысы жүргізіліп жатыр. Осылайша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағыда басқа салаларда жаңа ғимараттар пайда болады. Алдағы жылға жоспарланған құрылыс нысандары облыс басшысы Нұрлхан Көшеровтың жіті қадағалауында. Арнайы кеңейтілген жиында жауапты мамандар қатаң тапсырма беріп, нысандардың құрлысын мерзімінде әрі сапалы өткізуді тапсырды.

2026 жылға облыс көлемінде 89 нысанның құрлысын жүргізу көзделген. Оған 56 млрд теңге ге жуық қаражат бөлінген. Облыстық құрлыс басқарма басшысының айтуынша бөлінген қаражат облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген.

Мәжілісте Жетісай қаласындағы 120 пәтерлік 2 арендалық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 620 млн теңге бөлу ұсынылды. Одан бөлек, «Ана мен бала» орталығының құрылысы және Бәйдібек пен Келес аудандарында ангар типтес жабық спорт залдарының құрылысына қаржы қаралды. Барлық аталған нысандарды биыл тапсыру жоспарланып отыр.