Таңғы сағат 7:00. Тұрғындар аялдамада қоғамдық көлікке сыйиай әлек. Әсіресе бұл мәселе оқушыларға ауыр тиеді! Жұмысқа, сабаққа асыққан халық аялдамада иін тіресіп тұр. Автобус келгенімен, бәрі бірдей міне алмайды. Терезеден сығалап тұрған оқушылар, табалдырықтан аса алмай қалған студенттер, автобусқа сыймай қалып, келесі қоғамдық көлікті күтіп қалған тұрғындар таңғы көріністің үйреншікті суреті.
Мектепке кешікпеу үшін оқушының бірі автобусқа есік жабылмай жатып кіруге ұмтылады. Ал сала жауаптылары жаңа оқу жылында мұндай мәселе жыл сайын көтерілетінін айтады. Десе де оқушылар автобуспен тегін жүрсе де карта арқылы транзакция жасау міндет. Бұл жолаушылар ағынын көрсетеді. Ал ол көрсеткіш аз болса қосымша автобус қосуға қауқарсыз болады мамандар. Сондықтан ата-аналарға оқушы картасын алуы керек екенін тағыда ескертіп отыр.
Шымкенттіктер қарбалас уақытта Автобусты сағаттап аялдамада күтіп қаламыз деп налиды. Дегенмен бұл мәселені шешу жолдары қазір қарастырылып жатыр. Нақты жолаушылар ағыны есептелуде. Айта кетсек қазір шаһарда автобустар жаңарып жатыр. Ал 102 бағыттағы қоғамдяқ көлік қашан жаңарады?
Айта кетсек, Шымкентте 82 бағыт бойынша 1120 автобус халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Аталған салада 11 көлік компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысуда.