УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Screenshot

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ата-ананың басты уайымы балаларына оқу-құралдарын түгендеп алып беру. Осы орайда Шымкент қаласында республикалық мектепке жол акциясы басталды. Мегаполистің орталық мешітінде қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Акция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен жергілікті жамағатпен кәсіпкерлердің демеушілігімен іске асып отыр. Оқушыларға мектепке керек оқу құралдары салынған 500 сөмке табысталды.

Діни қызметкерлердің айтуынша бір сөмкеге 10 мыңмен 20мың теңгенің арасында қаражат жұмсалған. Биыл бұл акция шаһардағы бес аудан бойынша оқушыларды қамтып отыр.

Бұл дәстүрлі игі шара мегаполисте жалғасын табады. Басты мақсат – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды киім-кешек, кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, демеу жасау.