УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ: ЖАҢА МАУСЫМ «МЕЙІРБАН ҚАСҚЫР» ЕРТЕГІСІМЕН АШЫЛДЫ

Screenshot

Қуыршақ театрының 43-ші жаңа маусымы ашылды! Өнер ордасыняң ұжымы сағына қауышқан кішкентай көрермендеріне “Мейірбан қасқыр” ертегісін дайындаған. Әртістер бүлдіршіндерді театрға кірген бойда-ақ көтеріңкі көңіл күймен күтіп алды. Балақайлар ертегі әлеміне келгендей әсер алды. Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» ертегісі Қазақ және орыс тілдерінде сахналанды.

Қойылымда қу түлкі, алтын жұмыртқалайтын тауық және қамқор қасқырдың оқиғалары көрсетіледі. Балалар қасқырды бұрынғыдай қатал емес, мейірімді әке кейпінде танып білді. Туынды, ата-ананың қамқорлығы мен махаббатын бағалауға шақырады.

Өткен маусымда да театр ұжымы ел ықыласына бөленген. 42-ші маусым қорытындысы бойынша төрт жаңа спектакль көрермкн назарына ұсынылды. Ал Астанада өткен 4 ші халықаралық “Құралай”қуыршақ театрлары фестивалінде “Үздік актерлік ансамбль” номинациясын жеңіп алған.

Бүгінде өнер ұжымынығ репертуарында 50-ге жуық қойылым бар. 500-ден астам қуыршақ жасаған театр ұжымы ұлттық ертегілерге негізделген туындыларға басымдық беріп келеді. Жаңа маусымда көрерменді жаңа қойылымдармен, гастрольдік сапарлармен және тәрбиелік мазмұндағы бағдарламалармен қуантпақшы.