УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ 109 НӨМІРІ АРҚЫЛЫ БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Түркістан облысында дауыс беру құқығына ие 1 миллион 203 мың 437 азамат бар. Бұл облыс тұрғындарының 55,8 пайызына тең. Сайлауды өткізуге 6 290 комиссия мүшесі жұмылдырылады. Жалпы 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның 26-сы жабық.  Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін Түркістан қаласы мен Сауран ауданында 4 жаңа учаске ашылып, тағы алтауының шекарасы қайта белгіленді. Айта кетейік, Өңірде сайлаушылар саны да өсіп келеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін олардың қатары 8 253 адамға артқан. Ал тұрғындар өздерінің сайлаушылар тізіміндегі деректерін 3 тамыздан бастап тексере алады. Сайлау күні басқа мекенжайда болатын азаматтарға 7 тамыздан бастап өзі тіркелген учаскеден тіркеуден шығу туралы куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Ал Сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыста 31 қоғамдық бірлестік аккредиттеліп, жеті саяси партия тіркеуден өткен. Оларға 747 азаматқа куәлік берілген. Сайлау комиссияларының дайындығын күшейту үшін 540 семинар өткізілсе, қазір үш деңгейлі жүйе бойынша 6 416 адамды қамтитын оқыту және тестілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға ақпарат алу үшін облыстық «109-бірыңғай» Call-орталығы мен сенім телефондары іске қосылған. Сонымен қатар сайлау учаскесін онлайн анықтауға мүмкіндік беретін сервис жұмыс істеп тұр.