Түркістанға Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков іс-сапармен келді. Сапар барысында вице-министр өңірдегі бірқатар өндіріс нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен және даму мүмкіндіктерімен танысты. Қазір Түркістандағы сауда орталықтарының бірін аралап, әлеуметтік дүкендердің жұмысымен танысып жүр. Вице министр бұған дейін «Kazakhstan Lihua» тоқыма кешені, «ER-QAN GROUP» орама өнімдері зауыты, «Sauran Plast» өндірістерінде болып, инвесторлармен тілдесті. Айдар Әбілдабековтың бұл сапары Түркістан облысындағы өндірістік әлеуетті арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға Бағытталған маңызды қадам болып отыр .
