УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІ АШТЫ

Screenshot

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты шымкентке келді. Мегаполисте Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ашылды. Салтанатты шараға Дәурен Қоспанов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Әскери оркестрдің салтанатты сүйемелдеуімен оқу корпусының басты кіреберісіндегі символдық лентасы қиылды. Қорғаныс министрі салтанатты іс-шараға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.

Қорғаныс министрі ризашылық белгісі ретінде Ғабит Сыздықбековке «Ел қорғаны» ведомстволық медалін табыс етті. Министр оқытушылар мен командирлерге тәрбиеленушілерге кәсіби дағдыларды ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рух пен патриотизмді бойларына сіңіріңдер деді.