ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды біріктіреді» тақырыбында қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Жиынға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосу барысында спикерлер ел бірлігін сақтау, татулық пен өзара сыйластықты нығайтудағы ұлттық құндылықтардың рөліне тоқталды. Сонымен бірге, ел ертеңі жастар екенін, конституцияның мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының кепілі екені айтылды. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке, ізгілікке және парасаттылыққа тәрбиелеуде ақсақалдардың даналығы мен өмірлік тәжірибесінің маңызы ерекше екені атап өтілді.