“Қазақ тілі- ұлы даланың ұлтаралық тілі”. Шымкентте осындай атаумен форум өтті. Мақсат — қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында атап өткендей “Қазақ тілі білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналды. Оның өрісі тарылып бара жатыр деуге негіз жоқ». Форумға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары мен белсенді тіл жанашырлары қатысты.
Айта кетейік, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні.
Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген. Тіл мерекесі аясында шаһарда түрлі шараларды ұйымдастыру қолға алынған.
Шаһарда тілдерді оқыту- әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Мамандар қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, мемлекеттік басқару тілі ретіндегі беделін күшейту бағытындағы жобалар санын арттыруды көздейді.