Көлік қызметкерлері күні аясында жастарға кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасуда. Бұл – тек экскурсия емес, көлік саласындағы нақты мамандықтармен танысуға мүмкіндік беретін жүйелі іс-шара. Оқушылар өндірістік ортаны өз көзімен көріп, болашақтағы кәсібін жүрекпен сезінуге мүмкіндік алды.
Жол-көлік колледжінің түлегі де Бағлан Көпбаев. Ол – бүгінде өз саласының нағыз шебері. Бүгінде ел экономикасын алға сүйреп жүрген көлік қызметкерлерінің бірі атанған. Ерен еңбегі ескеріліп, кәсіби мереке аясында алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, шара аясында студенттер мен талапкерлерге арналып тәжірибелі мамандардың қатысуымен арнайы шеберлік-сағат ұйымдастырылды. Бұл – теория мен практиканың түйіскен тұсы. Шеберлік сағаттары арқылы жастар көлік саласындағы нақты дағдылармен жақынырақ танысты.
