УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ”: ЖУРНАЛИСТ ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістанда талантты журналист, ақын, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібайдың «Қаламға қонған құт» атты шығармашылық кеші өтті. Мерекелік кеш журналистің 50 жасқа толған мерейтойына арналды. Кешке ел руханиятының майталмандары, белгілі ақын-жазушылар, журналистер, өнер қайраткерлері, қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кештің салтанатты ашылуында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшкров Ғалымжан Елшібайдың еңбегін жоғары бағалап, ізгі лебізін білдірді.
Сонымен қатар мерекелік жиында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары оқылды.

Кеш барысында ақынның қаламынан туған сыршыл өлеңдері оқылып, автордың сөзіне жазылған әуезді әндер шырқалды.

Мерекелік жиында Ғалымжан Елшібайдың әріптестері мен шәкірттері кеш кейіпкерінің журналистика мен қоғам өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, естеліктерімен бөлісті.

Танымал ақындар түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Қызылорда қаласынан арнайы келген Мұхтар Ниязов арнау айтып, азаматтық қырын таныта түсті.

Ғалымжан Елшібай – журналистика саласында 33 жылдан астам еңбек өтілі бар, бірқатар республикалық басылымдарда қызмет еткен танымал журналист. Ол отандық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі мен журналистика саласындағы адал еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған азамат.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталған. Түркістан облыстық мәслихатының екі шақырылымының депутаты. Қазіргі таңда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ партияның «Кедергісіз келешек» жобасының Түркістан өңірі бойынша амбассадоры.

Мерейтой асында Ғалымжан Елшібайға құрмет көрсітіліп, сый сияпаттар да үлестірілді