«Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» аясында «Түркістанның дамуындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбында панельдік сессия өтті. Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, «Hikvision», «Sergek Group», «Қазақтелеком», Woosong University Kazakhstan және шетелдік технологиялық компания өкілдері қатысты.
Еркебұлан Дауылбаев Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, цифрлық жобаларды бірігіп дамытуға шақырды. Оның айтуынша, өңір инновация мен технологияны енгізуге дайын.
Снх:
Форумда агросекторды цифрландыру, дрон өндірісі, қауіпсіздік жүйелерін дамыту, қоғамдық көлікті автоматтандыру сияқты жобалар ұсынылды.
Облыста агросекторды цифрландыру, ауыл шаруашылығына арналған дрондар, бейнебақылау және оптикалық жабдықтар шығаратын өндіріс орындарын ашу жоспарланған.
Сонымен қатар Түркістанда ІТ мамандарын оқытатын Woosong Kazakhstan университеті ашылып, өңір жаңа ІТ-хабқа айналып келеді.
Сессия соңында «G2B» кездесулері өткізіліп, инвесторлармен жаңа жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді.
