УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“DOSSTAR TIKTOK АГЕНТТІГІ”: ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ҮЗДІК СТРИМЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Үздік “стримерлер” мен “тиктокерлер” Шымкентте бас қосты. Халықаралық деңгейде өткен байқауды “Dos star” Қазақстандағы алғашқы ресми tiktok агенттігі ұйымдастырған. Бүгінде конкурс нәтижесі шығып, ТМД елдерінің үздік стимерлері анықталды. Салтанатты рәсім аясында жеңімпаздар марапатталып, арнайы сый сияпатқа ие болды.

“Dos star” tiktok агенттігі ұйымдастырған байқауға тмд елдері арасынан 130 — ға жуық тиктокер өтінім тастаған. Жүзден жүйрік атанған 22 стример бүгінгі кештің нағыз жұлдызына айналды. Үздік деп таңдалған 3 тиктокерге болса қаржылай сыйақылар табысталды.

Бірінші орын ресейлік блогер, тиктокер Фуадқа бұйырды. Ол 3 мың доллар көлемінде сый ақы алды. Сөзінше, жеңіп алған қаражаттың 3/1 бөлігін қазақстанда қайырымдылыққа жұмсайды.

Айта кетсек, “Dos star” агенттігі қазақстандағы ресми мәртебесі бар тикток агенттік. Мекеме тик ток блогерлердің танымал болуына қолдау көрсетеді. Тиктокерлерге көмек беріп жұмыстарын жүйелейді. Сонымен қатар, тікелей эфир арқылы табыс табуға бағыт бағдар көрсетеді екен. Биыл Агенттіктің ашуылғанына 1 жыл толып отыр. Ең бастысы “Dos star” тикток агенттігі ТМД елдерінің арасында үздік деп танылған.