УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

CREATIVE AIMAQ: ТҮРКІСТАНДЫҚ КРЕАТОРЛАР АСТАНАДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Түркістан облысының 50 креаторы Астанада өткен жәрмеңкеде өз өнімдерін таныстырып, жалпы құны 21 млн теңгенің тауарын сатты. Бұл іс-шара «Creative Aimaq» жобасы аясында жүзеге асты. 29–30 тамыз күндері «Qazaq Creative Hub» алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 5 200-ге жуық адам қатысты.

Көрмеде кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, ұлттық кілемдер, дизайнерлік киімдер, ат әбзелдері, домбыра, сондай-ақ киіз, ағаш және қыштан жасалған өнімдер ел назарына ұсынылды. Айта кетсек, жәрмеңке барысында шеберлік сабақтары, сән көрсетілімі мен концерттік бағдарлама өтіп, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар да таныстырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба түркістандық креаторларға жаңа серіктестер тауып, іскерлік байланыс орнатуға және өз брендтерін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.