Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында марафон өтті. Бұқаралық спорттық шара «Заң және тәртіп», «Терроризмге және нашақорлыққа қарсы» бастамаларына негізделді. Оған 250-ге жуық тұрғын қатысты.
Марафонда белсенді болғандарға алғыс хат табысталды. Ал, жүлделі орын алғандар құралақан қайтпады. Олар қаржылай сый-сияпатқа ие болды.
