Мегаполисте енді базар емес сауда орталықтары қамтиды. Дәл қазір біз “Самал” базарындамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай базар жаңа кейіпке енген. Мұндай жаңашылдық халыққа сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, саудагерлерге жайлы орта қалыптастырып мегаполис сәнін арттыруды көздейді.
Екінші аялдаған нүктеміз оңтүстіктегі алыс-жақын тұрғындарға аты кеңінен мәлім “Алаш” базары.
Айта кетейік, өздеріңіз білетіндей осыған дейін “Көктем 88” базары жайма базар болды. Яғни, оларда арнайы ғимарат болмаған еді. Енді мұнда заманауи, кең сауда нүктесі сонымен бірге келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін заманауи автотұрақ салынады.
