Шымкентте “Бақытты отбасы — бақытты ел” акциясы жалғасуда. Бұл жолы Тұран аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары тыл ардагерге құрмет көрсетті. Инспекторлар 101 жастағы Шинкоренко Нинамен кездесіп, ардагерге сый-құрмет көрсетті. Бүгінде ғасыр куәгері әлі де ширақ қимылдайды, сонымен бірге, соғыстағы әр сәт жадында екен. Нина әже жас ұрпаққа отбасы берекесі мен татулықты сақтаудың маңызын айтып, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Оның сөзінше, бақытты отбасының басты негізі – сыйластық пен түсіністік дейді.
Өз кезегінде полиция инспекторлары акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтарға психологиялық және құқықтық қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау екенін айтады. Кездесу жылы шырайда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықты ақпараттандырып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға да ықпал етеді.